«Сот жүйесіндегі жаңалықтар мен Елбасы тапсырмаларының орындалуы» туралы брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе жетекші маманы Ж.Сайманова «Қазақстан Ақтөбе», «Рика ТВ» және «Нур КЗ» телеарналарына «Сот жүйесіндегі жаңалықтар мен Елбасы тапсырмаларының орындалуы» атты тақырыпта сұхбат берді.

«Нур Отан» партиясының XVI съезінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сот органдарына берген тапсырмаларының бірі – судьяларга койылатын талаптарын қатайту мақсаты болды.

Съезде Елбасының: «Судьялар корпусындағы орыннан үміткер кандидаттың нотариуста, полицияда немесе заңгерлік ЖОО-да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы, кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керек. Сол сияқты қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу де маңызды, оны табысты өткеннен кейін олардың үздіктері судьялыққа сайланады», - деген тапсырмасы қуантады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі