қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Қылмыстық іс бойынша брифинг

29/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Г.Ажигалиева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1- бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотталған К.-ге қатысты қылмыстық іс туралы түсініктеме берді. 

Тұрмыстық жанжалдың нәтижесі

28/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1- бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Қылмыстық іс бойынша брифинг

28/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті «Актобе таймс» газетінің журналисті Т.Токарьдың қатысуымен брифинг өткізілді.

Жергілікті «Тандем» радиосының эфирінде «Соттардағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берілді

27/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қаржауов жергілікті «Тандем» радиосының «Аймақ тынысы» бағдарламасында «Соттардағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында сұхбат берді.

Аса ауыр қылмыс бойынша үкім жарияланды

27/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айыпталған азаматша К. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

22/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істерді қарауда алқабилердің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі» тақырыбындағы брифинг

27/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке сот төрағасы Н.Сұлтанов пен жергілікті «Диапазон», «Эврика» газеттерінің тілшілері қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел кеңес өткізілді

24/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот ұжымы қатысуымен Департамент басшысының орынбасары «Жұмыс сапасын бағалау жобалары» туралы хатын талқылау мақсатында жедел кеңес өткізілді.

Кеңес барысында сот төрағасы Н.Сұлтанов, сот төрелегін жүзеге асырудың сапасын одан әрі арттыру мақсатында көпшілікке танылған халықаралық стандарттарға сәйкес, жергілікті және одан да басқа соттар қызметінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және соттар әкімшісінің жұмыс сапасын бағалау жобалары әзірленгенін айтып өтті.

Азаматтарды қабылдау

20/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы М.Сисеноваға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотталушы З. қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушыңың анасы Г.А.Нуржанова баласымен кездесуге рұқсат алу туралы сұрағымен жүгінді.  

Келушіге іс бойынша қоғамдық қорғаушы болмағандықтан, сотталушымен кездесуге рұқсатты іс бойынша үкім жарияланғаннан кейін ғана ала алатынын түсіндірді.

Беттер