«Онлайн» режимінде қабылдау өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық соты төрағасының аудан тұрғындарын онлайн режимде қабылдау кестесіне сәйкес, 13.02.2014 ж. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Е.Ж. Айтжанов Ырғыз аудандық сотында азаматтарды «онлайн» режимінде қабылдады.

Ырғыз ауданында тұңғыш рет  өткізіліп отырған мұндай қабылдау, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан аудан тұрғындары   үшін қуанышты жағдай болғаны сөзсіз.

Облыстық сот төрағасы сот жүйесіндегі  заманауи технологияларды пайдаланып,  онлайн-режимі арқылы жеке қабылдау ұйымдастыруы  азаматтардың тарапынан оң бағаланды.

Қабылдауда болған азаматтар өздерінің көкейіндегі  сұрақтарына жауап алып,  өз мәселелерінің  жедел әрі сапалы шешілуіне бағыт беріп,  мүмкіндік туғызғанына ризашылықтарын білдірді.

Ақтөбе облыстық соты төрағасы Е.Ж.Айтжановтың онлайн режиміндегі келесі қабылдауы ағымдағы жылдың  мамыр айының 15-де  өтеді.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі