«Медиация – дауды сотқа дейін реттеу» тақырыбында өткізілген семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Медиация – дауды сотқа дейін реттеу» тақырыбында семинар өтікізілді.

Семинарға Ембі қаласының әкімиятінің бас маманы және Жем қаласының әкімі, Мұғалжар ауданының прокуратурасының, Ембі ҚПБ-нің өкілдері, адвокат, медиатор және сот мамандары қатысты.

Шара барысында аудандық сот судьясы Ж.Кунаева «Медияция туралы» заң  05.08.2011 жылы іске асырылғанын атап өтті.  Қылмыстық және Қылмыстық-процесуалдық кодекстердің, Азаматтық процесуалдық жаңа кодекстердің қабылдануына байланысты заңнамадағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, «Медиация туралы» Заңға өзгеріс еңгізу қажеттілігі туды. Қазақстан Республикасы ҚК 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өлім жасаумен байланысты емес қылмыстық тәртіпсіздік немесе жеңіл және орташа ауырлықта қылмыс жасаған  тұлға, жәбірленуші, арызданушымен татуласса, сонымен қатар медиация тәртібінде, келтірген залалды түзесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, сотқа дейінгі тергеу органдары, бұл кезеңде медиаторларды сирек кіруге рұқсат береді, адвокаттарды қатыстырып, кейін істерді сотқа жолдайды, қудалау органдары жұмыстарының басты маңызды көрсеткіші сотқа жолданған істер саны болып саналады.

Жаңа Азаматтық процесуалдық кодексті қабылданғаннан медиация институты қажет және өзекті. Қазақстан Республикасы АПК 179-бабының 3-бөлігінде бекітілген мерзім ішінде медиация процедурасын жақтардың өтініші бойынша кейінге қалдыруға құқылы, және дауды реттеуге көмегі тиетін болса, медиацияға басқа тұлғаларды шақырады.

Жиынды қорытындылай келе, семинар қатысушылары пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі