Әкімшілік істер бойынша брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен қаралған істер бойынша брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров, Өзбекстан Республикасының азаматтары К.П., Ю.А.К. және  Ю.А., 2015 жылы 20 сәуір күні Қазақстан Республикасына келіп, 2015 жылы 23 сәуір күні Ақтөбе қаласында уақытша тіркелген. 2015 жылғы 22 сәуірден 2015 жылдың 30 сәуір күніне дейін Қарабұтақ ауылының  Самара-Шымкент тас жолы бойында салынып жатқан қонақ үй құрылысында болғандары үшін 30 сәуір 2015  04 мамыр 2015 жылы аталған Өзбекстан Республикасының азаматтарына хаттама жасақталған, яғни Өзбекстан Республикасының азаматтарына көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғандары, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мекен-жайда болмағандары үшін жауапкершілікке тартылған.

Сот Өзбекстан Республикасының азаматтарын ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауапершілікке тартып, оларды 2 тәулікке  әкімшілік қамаққа алды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі