Ақтөбе қаласының №2 соты 2015 жылдың 9 айы жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотының 2015 жылдың 9 айы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Шараға сот төрағасы А.Балмұқанов, сот судьялары Р.Кустанова, Н.Бисени, Г.Шмирова, З.Танимова, С.Бақытжан, А.Бекталиева, соттың БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты судья-үйлестірушісі А.Адилова, БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты Н.Мендибаева және  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде сот төрағасы Айсултан Балмұқанов сот істері бойынша статистикалық деректер мен қаралған істер бойынша жаза тағайындау, сотқа көп түсетін істер санаты бойынша ақпарат берді.

2015 жылдың Ақтөбе қаласының №2 сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Ақтөбе қаласының  №2 сотының өндірісіне  ағымдағы жылдың 9 айында 953 қылмыстық іс түссе, 2014 жылы 966 қылмыстық іс түскен яғни  салыстырмалы кезеңмен есептегенде 1,3 % қылмыстық істердің түсуіне азайған.

Жаза тағайындау: Қаралған 974 тұлғаға қатысты қылмыстық істің ішінде 591 тұлғасына қатысты айыптау үкім шығарумен аяқталған, , салыстырмалы кезеңде  495 тұлғаға қатысты үкім шығарумен аяқталған, бұл көрсеткіш 2015 жылы сотталғандардың саны 16,2 % көбейгенін көрсетеді,  тараптардың татуласуымен 307 тұлғаға қатысты іс өндірістен қысқартылса, салыстырмалы кезеңде 406 тұлғаға қатысты қысқартылған- бұл көрсеткіш 2015 жылы істің 32,2 % азайғанын көрсетеді.

Үкім шығарумен қаралып сотталған 591 тұлғаның ішіндегі    145 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, яғни 24,5% құрайды. Негізінен бас бостандығынан айыру жазасы ауыр және ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылған.

Ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде сотталушымен жасалған қылмыстың  қоғамдық  қауіптілігі, сипаты, салдары, қылмыстың қайталануы  ескеріледі.

Жаза тағайындау бойынша591 сотталғандар арасынан нақты бас бостандығынан айыру жазасы 145 адамға қолданылса, 207 адамға бас бостандығын шектеу, 65 адамға  қатысты шартты жаза және 63 адамға айыппұл төлеу,1 адам түзету жұмыстарына, 102 адамға қоғамдық жұмысқа тарту   жазалары қолданылған, 8 адам жаза өтеуден босатылған. 14 қылмыстық  іс прокурорға қайтарылды. Сотталғандардың басым көпшілігі ұрлық, тонаушылық, бұзақылық, денсаулыққа қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін.

Қылмыс жасағаны бойынша  71 әйел адам сотталған болса, оның ішінде алаяқтыққа қатысты қылмыс бойынша 30, яғни барлық сотталған әйелдердің 42,2 %  құрайды. Бұл көрсеткіш әйел адамдар арасында алаяқтыққа қатысты қылмыстың азаймай отырғанын көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар бойынша 17 адам сотталып, оның ішінде 4 адамға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы, 9 адамға қатысты 55 847352 теңге айыппұл төлеуге сотталған. Қазіргі таңда 17361600 теңге мемлекет қорына түсті. Қазіргі таңда 38485752 теңге  сот орындаушысына орындауға берілді.

Сонымен қатар, сотта   істі қысқарту  кезінде тараптардың медициялық  шарт жасауымен қысқартылуы да жақсы жолға қойылған. Медиация тәртібімен қысқартылған істердің саны 57.

Аталған кезеңде  сотта барлық қаралған 869  істің 835, яғни 96%   сот мәжілісі үн-бейне жазба құрылғысын қолдану арқылы өткізілген, 2014 жылдың сәйкес кезеңіде бұл көрсеткіш 344 іс, яғни  30 % құраған, яғни судьялармен сот процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету жұмысы жүзеге асырылып отырылуының бірден бір көрсеткіші.

Сонымен қатар  Халықпен кездесу, олардың сұрақтарына жауап беру үшін сот төрағасы мен судьяларының қатысуымен ай сайын «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады.

Шараның нәтижесі бойынша БАҚ өкілдердің сұрақтарына түсіндіру берілді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі