жарыс

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жарыс өткізілді

23/06/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай, «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесінің қарсысында Ақтөбе облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының  және Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының құқыққорғау органдары арасында өткізілген интеллектуалдық ойындар жарысына Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Сабыржан Қабдолов қатысып, шахматтан жүлделі 1 орынды иеленіп, дипломдармен және медальмен марапатталды.

Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында судьялар мен сот мамандарының спартакиадасы ұйымдастырылды

13/12/2014

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен егеменді еліміздің «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында облыстың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен спартакиада өткізілді.