Жеке кәсіпкердің сервитутты анықтау туралы талап арызы қанағаттандырылған
27/02/2014
Жеке кәсіпкер Г.М. Дусупова сотқа арызданып, «Автовокзал-Сапар» ЖШС-не, «Отес Актобе» ЖШС-не оның аумағына кіруге рұқсат беруді сұраған.
ҚР АІЖК-нің 49-бабының тәртібінде, жауапкерлер қатарынан «Отес Актобе» ЖШС-н алып тастауды, Ақтөбе қаласы 312 атқ.дивизиясы 4 даңғылы мекен-жайы бойынша «Автовокзал -Сапар» ЖШС-не тиесілі жер учаскесі арқылы кіру үшін және Ақтөбе қаласы 312 атқ.дивизиясы 9Л мекен-жайында орналасқан жеке кәсіпкер Г.М. Дюсуповаға тиесілі жер учаскесіне өту үшін сервитутты анықтауды сұраған.