Жеке кәсіпкердің сервитутты анықтау туралы талап арызы қанағаттандырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке кәсіпкер Г.М. Дусупова сотқа  арызданып, «Автовокзал-Сапар» ЖШС-не, «Отес Актобе» ЖШС-не оның аумағына кіруге рұқсат беруді сұраған.

ҚР АІЖК-нің 49-бабының тәртібінде, жауапкерлер қатарынан «Отес Актобе» ЖШС-н алып тастауды, Ақтөбе қаласы 312 атқ.дивизиясы 4 даңғылы мекен-жайы бойынша «Автовокзал -Сапар»  ЖШС-не тиесілі жер учаскесі арқылы  кіру үшін және Ақтөбе қаласы 312 атқ.дивизиясы 9Л мекен-жайында орналасқан жеке кәсіпкер Г.М. Дюсуповаға тиесілі жер учаскесіне өту үшін сервитутты анықтауды сұраған.

Талапкер Ақтөбе қаласының әкмідігіне, жауапкерге кіруге рұқсат беру үшін жүгінген, әкімлік бұл сұрақты сот тәртібімен шешу қажет деп жауап берген, жауапкер кіруге рұқсат беруден бас тартқан, өз учаскесіне кіруге, өтуге мүмкіндігі жоқ екендігін көрсетіп, талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

Жауапкер талапты мойындамай, талапкермен келісім-шартқа отыру туралы ұсыныс жауапкерге жолданбағандығын, келісім-шарт жасаудан немесе ұсынылған талаптан бас тартуды даулау туралы талап сотқа қойылмағанын айтқан.

Көрсетілген мән-жайларда сервитутты анықтау туралы талап арыз қанағаттандырылуға жатпайды, себебі сервитут тек келісім-шарт негізінде анықталады деп көрсетіп,  талапты қанаңғаттандырудан бас тартуды сұраған.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014жылғы 14 қаңтардағы шешімімен жеке кәсіпкердің талап арызы толық қанағаттандырылған.

Жеке кәсіпкер Гаухар Муратқызы Дюсуповаға Ақтөбе қаласы 312 атқ.дивизиясының оңтүстік-батыс жағынан орналасқан «Автовокзал Сапар» ЖШС-не тиесілі жер учаскесінің шегі жиегінен кіру үшін және Ақтөбе қаласы 312 атқ.дивизиясы 9Л мекен-жайында орналасқан жеке кәсіпкер Г.М. Дюсуповаға тиесілі жер учаскесіне өту үшін  жер учаскесімен шектеулі пайдалану құқығы (сервитут) берілген, жауапкерден талапкер пайдасына мемлекеттік баж сомасы өндірілген.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі