№2 Мұғалжар аудандық соты

Аудандық соттың судьясы көшпелі дөңгелек үстел өткізді

10/06/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева Ембі аудандық ауруханасында  «ҚР Халықаралық құқықтық-нормативтік шарттарын бекіту, оның ішінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою Конвенциясының нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл жиынға Ембі аудандық ауруханасының ұжымы қатысты.

Есірткі затты өткізу мақсатынсыз тасымалдаған үшін сотталды

09/06/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 2 бөлімімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) А.К-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Аудандық сот ұжымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне арналған жарысқа қатысты

28/08/2015

Ембі қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне арналған үстел теннисінен, дойбыдан ұжымдар арасында жарыс өткізілді.

Іс-шараға Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты, Ембі қалалық №1, №2, №3, №4, №7 орта мектептері, «Жем пайдалану депосы», БЖСМ ұжымдары қатысты.

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

19/08/2015

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төраға міндетін атқарушы Ж.Кунаеваның қабылдауна Ембі қаласының тұрғындары Ж.Давлеталиева және А.Елеусіз алимент берешегі бойынша  сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша келушілерге заңнама талаптарына сай түсіндіру берілді.  

Балаларына қамқорлық жасамаған үшін жауаптылыққа тартылды

19/08/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен Қандыагаш қаласының  тұрғыны  азаматша Ж. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарға сәкес, азаматша Ж. кәмелетке толмаған – 2012 жылы және 2014 жылы туған балалардың анасы бола тұра, ішімдікке салынып, балаларының тәрбиесіне жауапкершіліксіз қарап, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мiндеттерiн орындамаған.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 ай жұмыс қорытындылады

28/07/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Ембі қаласының  әкімшілігі, Ембі қалалық полиция бөлімінің бастығы, Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметі, адвокатура, нотариус, «Локомотив» АҚ-ның, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның өкілдерінің және  «Мұғалжар» газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен бриффинг өткізілді.

Сот төрағасы А.Сабыров  2015 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы  бойынша мәлімет берді.        

Мұғалжар аудандық №2 сотымен 2015 жылдың 6 айында сот өндірісіне:

Жалған жауап беру фактісі бойынша үкім жарияланды

20/05/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 420-бабының 2-бөлігімен аз.Т.-ға қатысты кінәні мойындау туралы процестік келісіммен және  келісімдік іс жүргізуді қарау туралы қысқартылған тәртіпте қылмыстық іс қаралды.

Беттер