Аудандық соттың судьясы көшпелі дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева Ембі аудандық ауруханасында  «ҚР Халықаралық құқықтық-нормативтік шарттарын бекіту, оның ішінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою Конвенциясының нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл жиынға Ембі аудандық ауруханасының ұжымы қатысты.

Судья Ж.Кунаева өз сөзінде, осы Конвенцияның мақсаттары үшін «әйелдерге қатысты кемсіту» ұғымы әйелдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез-келген басқа салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын олардың отбасылық жағдайына қарамастан, ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде пайдалануын немесе іске асыруын әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа шығаратын жыныс белгісі бойынша кез келген айырмашылық, қоспай қою немесе шектеу дегенді білдіреді. Әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптарын талқылады.

Қызу пікір таластан соң осы заңдардың дұрыс қолданылуы мен оларға қатысты түсіндірулер бойынша жалпы ұсыныстарымен бөлісті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі