Қоғамдық жерде балағаттаған

Қоғамдық орында балағат сөздері үшін жазаланды

25/05/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1 бөлімі бойынша  әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы П. «Арцах» кафесінде жанжал шығарып, азаматша А.-ға балағат сөздер айтқан. Сол іс-әрекетімен қоғамдық тәртiптi бұза отырып, төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық бiлдiрген.

Қоғамдық жерде лас сөздермен балағаттаған

03/04/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен азамат А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2015 жылдың 1 сәуірінде №41 «Атырау-Алматы» жолаушылар поезының №4 вагонында, Р.Ешжанов арақ ішкен күйде, қоғамдық жерде, былапыт сөйлеп, ортақ пайдалану орнында коммуналдық қалдықтарды тастап ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.