Бітімгерлік келісім

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

02/08/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ГидроЭкоРесурс»  ЖШС-і «Бекарыс» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

  Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талапкер «Бекарыс» ЖШС-ненжалпы көлемі 252 000теңге қарыз соманы және айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

18/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Г. жауапкер «Р» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұлды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер Г. «РусКазДорСервис» ЖШС-нен қарыз сома 2 203 162 теңге, өсімпұл 147 737 теңге және сот шығындарын  өндіру туралы арызбен сотқа шағымданған.

Тараптар арасында 2015 жылдың 10 қыркүйегінде  тауарды сату келісім шарты жасалған. Өнімнің жеткізілуі шот-фактура және шығыс жүк құжаттарымен расталады. Жауапкер тауарды қабылдап, шот-фактуралар, шығыс жүкқұжаттары және салыстыру актісіне сәйкес  2 203 162 теңге соманы төлемеген.  

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсіп, оның шарттары бойынша жауапкер «Р» ЖШС 2 203 162 теңге мөлшерінде берешек сома және 147 737 теңге өсімпұл сомасын 2016 жылдың 1 маусымына дейін төлеуге міндеттенген. Талапкер өз кезегінде жауапкерге койған талабынан бас тартқан.

Сот ұйғарымы бойынша жеке кәсіпкер Г. мен «Р» ЖШС арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылған.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.