Астана күні

Ырғыз аудандық сотында салтанатты жиын өтті

05/07/2016

Ырғыз аудандық сотында елордамыз Астана күніне орай жиын өтті, онда сот төрағасы А.М.Бисенгали сот ұжымын келе жатқан мейраммен құтықтап, дендеріңе саулық, қызметтеріне табыс тіледі.

Қобда аудандық сотында Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді

05/07/2016

Бүгін Қобда аудандық  сотында «Астананың туған күні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратуранің өкілдері ,  полиция  қызметкерлері   және сот қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе облыстық сотында «Астана күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді

03/07/2015

Бүгін "Астана күні" мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық сотында салтанатты түрде  жиын өткізілді. Оған облыстық сот төрағасы, алқа төрағалары мен облыстық сот судьялары, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, облыстық соттың бөлім басшылары мен кеңсе қызметкерлері қатысты.

Жиында Ақтөбе облыстық сотының  төрағасы Е.Ж.Айтжанов кіріспе сөзімен ашып, облыстық соттың Кеңсе басшысының міндетін атқарушы А.Ж.Мусина Астана күніне орай баяндама оқыды.