Ырғыз аудандық сотында салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында елордамыз Астана күніне орай жиын өтті, онда сот төрағасы А.М.Бисенгали сот ұжымын келе жатқан мейраммен құтықтап, дендеріңе саулық, қызметтеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар сот төрағасы 1994 жылғы 06 шілдеде Жоғарғы Кеңес астананы Ақмола қаласына көшіру туралы қаулы қабылдағанын, ал 1995 жылғы 15 қыркүйекте Елбасы «Қазақстан Республикасының астаны» туралы жарлыққа қол қойғанын, онда Парламентпен Үкімет Ақмолаға көшкенге дейін, Алматы еліміздің астанасы болып қалатыны туралы айтылғанын атап өтті. Аталған қос құжаттардың орындалуы 1997 жылдан басталғанын, 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстанның астанасы болып аталғанын айтты.

1998 жылы Елбасының ұсынысымен 06 шілдеден бастап елордамыз Астана болып аталғанын айтты.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес, 6 шілде - Астана күні Мемлекеттік мерекесі болып аталғанын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі