Жарияланымдар

Қазақ

Тіл тазалығын қалай жақсартамыз?

Қазақ тілінің мәселесі осы кезде шешіліп, шешімін тапты деп айтуға ерте сияқты. Оны өзіміздің күнделікті көріп жүрген мән-жайлардан байқауға болады. Қазақ тілі өз дәрежесіне көтерілсін деп санайтын болсақ, еліміздің әрбір азаматы осы мәселеге ат салысуы керек.

Медиацияның қоғамға келтірер тиімділігі

Егер тарихқа көз салатын болсақ, біз елдік шежіремізде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дала жұртшылығын бітімге бастап, билік айтқан билердің кесімді шешімдері болғанын білеміз. Осының барлығы қазіргі тілмен айтсақ, дала парламентаризмі мен заңдық негіздің сол баста нышаны байқалғанын танытады.

Ана тілім – тірегім, тірлігімнің айғағы.

 Ақиық ақын Қ.Мырза-Әлидің «Ана тілің – арың бұл,

    Ұятың боп тұр бетте.

    Өзге тілдің бәрін біл,

    Өз тіліңді құрметте»,- деген өлең

жолдарын оқығанда тебіренбейтін жүрек, толқымайтын кеуде барма екен сірә?

         Өмірде ана тіліңнен асқан құдірет бар ма?

Кепілпұл – міндеттемені қамтамасыз ету

 

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 18 тарауындағы 337, 338 баптарында көзделгендей уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады делінген.

Тәуелсіздік - ел тұғыры!

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.

Тәуелсіз сот - адам құқығының сақталуының кепілі.

Жетпіс жылдан астам уақыт  дәурен еткен кеңес  өкіметі кезінде сот мемлекетті, қоғамды  және азаматтарды түрлі қол сұғушылықтан қорғайтын және соларға қарсы күресетін  орган ретінде танылып келді.  Адам құқығын қорғауды бірінші орынға қоятын Қазақстан Республикасының қазіргі  Конституциясына  керісінше кеңестік заң  мемлекет мүддесін алға шығаруымен бүкіл билік органдарының, оның ішінде соттың да  қызметін саясиландырып ұстап тұрды. Ол кезеңде сот мемлекеттік биліктің санатына ене алған жоқ.

Қазақстан егемендігіне 20 жыл!

Биыл еліміз тәуелсіздігінің мерей тойын атап өтуге әзірленуде. Егеменді Қазақстанға 20 жыл толады. 

Енді алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси  плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі  ережелер Конституцияның негізін қалады.

Беттер