Жарияланымдар

Қазақ

Ұлы отан соғысына 70 жыл

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.

Жаңартылған қылмыстық заңнама бойынша алғашқы нәтижелер

Қазақстан Республикасының қолданыстағы жаңа Қылмыстық Кодексі (бұдан әрі қарай Кодекс) 03.07.2014ж. №226-V Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданып, 01.01.2015ж. бастап қолданысқа енгізілді.

Кодекстің құрылымына тоқталатын болсақ, ол Жалпы және Ерекше болып екіге бөлінген. Жалпы бөлік 7-бөлімге бөлінген 98 баптан, ал Ерекше бөлік 18 тарау 99-баптан бастап, 466-бапқа дейінгі нормаларды қамтиды.

Моральдық зиянды өтеу

Еліміз Егеменді ел болған кезден бастап, азаматтарымыз Қазақстан Республикасы соттарынабұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын сонымен қатар, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінулері арыта түскен. Оның ішінде, жылдар өте моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздардың саны артып келеді.

Мемлекттік тілдің мәртебесін көтеру - баршамыздың парызымыз

Тіл – ұлттың болмысын ұғындырып, халықты бірлікке шақыратын біріктіруші де құрал. Мемлекттік тілді жетік білу  өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі.Мемлекттік тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір еліміздің азаматы өзінің міндеті деп түсініп оны орындағанда ғана, тіл мәселесінің оңтайлы болатынына көзіміз жетіп отыр.

Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы

Биыл - өздерін «Көк түріктің» ұрпағымыз деп санайтын, қағандары: «Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым, қара терімді шұбырттым, қызыл қанымды жүгірттім Түрік халқы үшін», - деп тасқа қашап кеткен Бумын қаған мен Күлтегін жалғасы қазақ хандығына 550 жыл толып отыр. Оған үлкен мән беріп отырған Елбасымыз Н. Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алады.

Алғашқы қазақ заңы

Мемлекетіміздің құқық тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» атты құқықтық жарғылар ерекше орын алды.  Қасым хан 1445 жыл шамасында дүниеге келген. Қазақ Ордасының шаңырағы көтеріліп жаңа ұлыстың біржола орнығуы жолындағы күресті көзімен көруі, текті ұрпақ Қасым сұлтанның өзгелерден озып туған, өзгеше тұрпатты қайраткер ретінде қалыптасуына әсер еткен. Қол бастауда да, ел басқаруда да ежелгі ата-дәстүрін меңгерген Қасым сұлтан өзінің бар ғұмырын туған халқының болашағына арнады.

Ата заңымызға 20 жыл

Қолданыстағы Ата Заңымыз - Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған. Конституция күні – мемлекеттік мереке. Бүгінгі күні өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болып, еліміздегі демократиялық реформалар те­реңдей түсті. Сотта көптеген даулар мен адамдардың тағдырлары шешілетіні, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мүдделері қорғалатыны баршамызға белгілі. Сот жұмысының тиімділігі, заңды әрі әділ шешім шығару, оларды орындау - әр мемлекеттің демократиялық тұрғыда дамыту көрсеткіші болып табылады.

Заңдылық пен сот төрелігінің сенімді кепілі

Осыдан жиырма жылдан аса уақыт бұрын Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Шекарасын құқықтық тұрғыда заңдастырып, тәуелсіздігін жария еткен кез келген мемлекетитің мақсаты- азаматтарына қолайлы жағдай туғызу, қауіпсіздігін сақтай отырып ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыру. Азаматтардың өз Отанына деген сүйіспешілігі жоғары болғанда ғана елдің дамуында серпілістің, белсенділіктің байқалатыны анық.

ӨМІРІН СОТ ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАҒАН ХАЛҚЫНЫҢ АДАЛ ПЕРЗЕНТІ ЕДІ

Барлық өмірін сот қызметіне арнаған ардақты Иран Әмірұлы Әміров 1944 жылы Қызыл Орда облысы Жалағаш ауданы Қара – Кеткен станциясында  қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Он жасында әкесінен айырылып қарындасы Хадиша екеуінің тәрбиесін анасы жалғыз көтерген. Өзінің естеліктерінде Иран Әмірұлы жаратқанға ризашылығын білдіріп анасының бақытты өмір сүргенін, екі баласының өмірдегі жетістіктерін көріп, ұзақ өмір сүріп 86 жасында дүниеден озғанын айтып отыратын.

Ассамблея жылы – Қазақ Елінің бірлігі жылы!

Астана. ҚазАқпарат – Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды.

Беттер