Жарияланымдар

Қазақ

Қазақстан халық ассамблеясына 20 жыл

Ассамблея – дербес қоғамдық институт. Президент жарлығымен 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Біздің ел үшін ең асылы – татулық, бірлік, келісім. Мемлекеттілік негізі – халық бірлігі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана  болашағы дамыған, өркендеген Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз.

Айбары асқақ Ата Заң

  1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын.

Ақпараттық технологиялардың дамуы –халыққа тиімді

Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуының барлығы да халық үшін. Соттарда қолға алынған жаңа  ақпараттық технологиялар-«Үкімет порталы», «Сот кабинеті» арқылы келіп түсетін талап арыздар мен өзге де арыздарды,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электронды түрде қабылдаудың жаңа сервистері, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық электрондық құжат айналымының кеңейтілуінің барлығы көпшіліктің игілігіне қызмет етуде.

Жаңа редакциядағы азаматтық процестік кодексті әзірлеу

Қазақстандық заңнаманы жетілдіру, халықаралық талаптарға жақындату мақсатында атқарылған істер аз емес. Биылғы жылдың басында қолданысқа енгізілген төрт бірдей кодекс сол игі бастаманың тәжірибеде оң шешімін тауып отырғанын көрсетті. Және бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен шектеліп қалмайды. Қазіргі кезде үлкен талқыға түсіп жатқан Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Әкімшілік іс жүргізу кодексі сол ілкімді жұмыстың заңды жалғасы іспеттес.

Қазақ хандығының Ата заңдары

Үстіміздегі жылы қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр, бұл ұлан-асыр тойды мемлекет деңгейінде атап өтіп, халқымыз жүріп өткен даңғыл жолды әлемге паш етпекпіз. Осы орайда мемлекеттіліктің іргетасының мықты болуын қамтамасыз еткен, қазақ хандығы тұсындағы қоғамдық қатынастарды тиімді түрде реттеп отырған қазақ халқының  сол кездегі заманауи Ата заңдарын да ұлықтауымыз қажет.

Сотталғандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру мәселелері.

2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа түскен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (әрі қарай ҚР ҚК-і), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (әрі  қарай ҚР ҚПК-і) және  Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (әрі қарай  ҚР ҚАК-і)  сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаны неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру мәселелері бойынша көптеген өзгерістер енгізілді.

Қасым хан және оның қасқа жолындағы заңдары

Биыл-өздерін «Көк Түріктің» ұрпағымыз деп санайтын, қағандары; «Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым, қара терімді шұбырттым, қызыл қанымды жүгірттім Түрік  халқы үшін,» деп тасқа қашап кеткен Бұмын қаған мен Күлтегіннің жалғасы  Қазақ хандығына 550 жыл толып отыр. Оған үлкен мән беріп отырған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде; «Керей мен Жәнібек -1465 жылы алғашқы хандықты құрып, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады.

«Ана тілім – ардағым»

Тіл мәселесі мен тіл саясаты ұлт пен ұлыс тұтастығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. «Тіл – ұрпақтар арасына дәнекер.» Дәуірмен дәуірді байланыстыратын алтын көпір, оны сақтау, қадірлеу, көздің қарашығындай көріп көру – біздің, кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы.

«Жемқорлықтың үлкен кішісі болмайды»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конституционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша  белгіленген 100 нақты қадамның бірі сыбайлас жемқорлықты күресті күшейту екендігін атап көрсетті. Сондықтан да осы ауқымдағы сұраныс та, талап та жоғары деңгейде болатындықтан әрбір қолында билігі бар Қазақстан Республикасының азаматы өз ісі мен әрекетіне зор жауапкершілікпен қарауы тиіс деп ойлаймын.

Беттер