Сот жеке кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке кәсіпкер З.Ф. Тишкова сотқа «КТП» ЖШС-не электр желілерін төсеуді заңсыз деп тану және жер учаскесін пайдалану және иелену бойынша құқықтарды жүзеге асырудағы кедергілерді жою туралы талаппен соқа жүгінген. 

Сотқа талапкер өкілінен талап арызды нақтылау туралы арыз түскен, онда Ақтөбе қаласы 406 ГА зауыты 4 үй мекен-жайында орналасқан жер учаскесі арқылы  17-Кв ТП РУ10-нан электер желісінің  жауапкер  «Ақтөбе облысы құрылыс басқармасы» ММ-мен төселуін заңсыз деп тануды және «Ақтөбе облысы құрылыс басқармасы» ММ-ін Ақтөбе қаласы 406 ГА зауыты 4 үй мекен-жайында орналасқан З.Ф. Тишковаға тиесілі жер учаскесі арқылы 17-Кв ТП РУ10-нан өтетін олармен қайта төселген жерасты электр тарату желілерін қайта салуды жүргізуге міндеттеуді сұраған.

Талапкердің өтінімі бойынша сот ұйғарымымен жауапкер «Ақтөбе облысы құрылыс басқармасы» ММ-мен ауыстырылған.

Талапкер жауапкердің заңсыз іс-әрекеті нәтижесінде өзіне тиесілі аумақтың осы бөлігін толыққанды пайдалану мүмкіндігінен айырады деп пайымдап, талапты қанағаттандыруды сұраған.

Сот отырысында жауапкер өкілдері талап арызды мойындамай, талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұраған.

Жауапкер өкілдерімен сотқа талапкердің жер учаскесі бойынша адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, меншік иесінің құқықтарын бұзатын талапкердің жер учаскесі бойынша жоғарывольтты электр кабельдерінің жүргізілуінің заңдылығы туралы дәлелдемелер сотқа ұсынбаған. 

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 10 қаңтардағы шешімімен З.Ф. Тишкованың талабы толық көлемде қанағаттандырылған.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.