Облыстық сот басшылығымен мемлекеттік қызметшілермен семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Ақтөбе облыстық сотынң төрағасы Айдар Смағұлов және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әлібек Ахметов судьялар мен мемлекеттік қызметшілер арасында семинар сабағын өткізді.

Облыстық сот төрағасы Қазақстанның сот жүйесінің тұрақты дамуына лайықты үлес қоса алатын судьялар мен сот мамандарының жаңа буынын қалыптастыру мақсатында сот төрағаларына сот қызметкерлері арасында судьялыққа кандидаттарды іріктеу жүйесі, кандидаттарға қандай талаптар қойылатынын, Сот төрелігі Академиясы,  Сот жюриі және Жоғары Сот кеңесінің жұмыстары туралы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу және бағдар беру қажеттігілін ескертті.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әлібек Ахметов судьялыққа кандидаттарға қойылатын жоғары  талаптарға тоқталып, судья болудың екі жолын атап көрсетті. Біріншісі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға түсу болса, екіншісі – судьялық лауазымға біліктілік емтиханын тапсыру.

Сот төрелігі академиясына түсу үшін, судья қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптар жөнінде персоналды басқару бөлімінің басшысы Айымгүл Естурлина баяндама жасады.

Сөзін қорыта келе, спикерлер сот қызметкерлеріне сәттілік тілеп, судьялар қатарынан көруге үмітті екенін білдірді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі