Ауыр қылмыс бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабы 3-бөлімі бойынша сотталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Іс құжаттарға сай, 2015 жылдың сәуір айында Ақтөбе облысы Алға ауданының  Есет батыр ауылында азамат Ж. өзінің үйінде өз туысы азамат А.-мен және жолдастарымен ұлды болғанын атап өту мақсатында спирттік ішімдіктерін ішкен. Содан кейін азамат Ж. ертеңіне Ақтөбе қаласына жүретін болған соң және үйде жасы үлкен қонақтардың болуына байланысты қасында болған жолдастары мен туысы А.-ны үйінен шығарған. Бірақ соңғының үйге қайта кіріп, арақ ішуді жалғастыруды талап етуіне байланысты азамат Ж. мен екеуінің араларында араздық пайда болған. Соның себебінен азамат Ж. арақ ішкен мас күйінде аз.А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында қолындағы асхана пышағын қарсы алдында тұрған азамат А.-ға сермеп, оның кеуде қуысына және басқа да дене мүшелеріне жарақаттар салған. Соның нәтижеінде денсаулығына ауыр түрдегі зиян келтіріп, ол жарақат жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан.

Сот үкімімен азамат Ж. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 3 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өзінің жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі