Аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би  аудандық сотында Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам»  реформасын жүзеге асырудағы Заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін іске асыру  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев,  кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева мен кеңсе мамандары қатысты.

Семинарда Әйтеке би аудандық сотының судьясы М.Мұхамбетқалиев - Қазақстан халқының нақты қызметінің дәлелі болған Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандықтардың мақсатқа қол жеткізуі» мақаласын талқылап, жасалып жатқан реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталғандығы жөнінде айтып өтті.

Қатысушылар семинардың соңында Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында атқарылатын мәселелердің маңыздылығын атап өтті.  

Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндіру берілді.  

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі