Ақтөбе қаласының №2 сотында көрсетілім сот процессі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасының курсанттары мен аға прокурор А.С.Баксыик, аға маман Б.А.Аманшин Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпталған азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша өткізілген сот отырысына қатысты.

Сот отырысында төрағалық етуші судья Д.М.Гильманова сотталушыдан жауап алып, сот отырысына қатысушылардың жарыссөзі мен сотталушының соңғы сөзін тыңдап, сотталушыға 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады.

Курсанттармен бірге сот отырысына қатысқан аға прокурор Баксыик Айбол Сұлтансыикұлы және аға маман Аманшин Бекнияз Асхатұлы осындай іс-шаралар сөзсіз мамандыққа деген қызығушылықты арттырып, сот жүйесіне сенімділікті арттыратынын атап өтті.

Іс-шара соңында Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасының курсанттары мен прокурорлары алған тәжірибе мен білім үшін және сот отырысына қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі