Жаңалықтар

Соты ұжымы ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда сот жүйесінің ардагерін құттықтады.

Сот төрағасы міндетін атқарушы Н.Ормаханов сот жүйесінің ардагері  Бирзул Станислав Владимировичті келе жатқан Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, оған зор денсаулық,  ұзақ ғұмыр тілей отырып отырып, ұжым атынан дайындаған сыйлықты табыс етті.

Сот ұжымы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

06/05/2016

Мұғалжар аудандық сотының судьялары А.Мусина, Н.Кендірбаева және мамандары ұжым қызметкерлерін және адвокаттарды Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар күнімен құттықтады.

Шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік тілеп, ардагерлер мен жауынгерлеріміздің дені сау болып, сарбаздар мен қолбасшыларымыз табысты қызмет ете берсін деп, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі.

Шараға қатысушылар көрсетілген құрмет үшін Мұғалжар аудандық сотының ұжымына алғыстарын білдірді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Ұлы Отан Соғысының ардагері Александра Тихоновна Саратовцевнаны Жеңіс күнімен құттықтады. Сот ұжымының атынан ардагерге гүл шоқтары, азық-түлік және қаржылай сыйлықтар  табыс етілді.

Ардагер қонақтарды жылы қабылдап,  сұрапыл соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер, Кеңес армиясының төзімділігі мен ерліктері жөнінде  айтып берді.

Тыл ардагерін құттықтау

06/05/2016

7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, сот төрағасы А.Бисенгали, кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева, бас маман Г.Тулегенова 89 жастағы тыл ардагері Х.Көнекбаевты үйіне барып құттықтады.

Көнекбаев Хакім 1927 жылы туылған, соғыс кезінде Ырғыз ауылында күні-түні колхоз егістігінде, фермада мал бағып, оны күзетіп, «Бәрі майдан үшін – бәрі Жеңіс үшін» атты ұранмен жұмыс жасаған тыл ардагерлердің бірі.

Ақтөбе қалалық сотының ұжымы Сот жүйесінің ардагерлерлерін құттықтады

06/05/2016

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар...

Ұлы Отан Соғысында жеткен Жеңістің 71 жылдығын тойлау қарсаңында Ақтөбе қалалық сотының ұжымы Сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады.

Аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін құттықтады

06/05/2016

Жеңістің 71 жылдығы мерекесі қарсаныңда Темір аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін құттықтау іс-шарасын өткізді.

Сот ұжымы сот жүйесінің ардагері, отанға аянбай еңбек еткен азамат Нұрмаш Куралұлы Алдамжаровтың үйіне барды.

Сот ұжымы сот жүйесінің ардагерлеріне көп  жылы сөздерін айтып, аудандық сотында адал еңбек атқарғаны үшін  рахмет айтып, сыйлық сыйлады. 

Өз кезегінде ардагер сот ұжымына құттықтап келгені үшін ризашылығын білдірді. 

Сот актісін орындамаған

06/05/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша құқық бұзушы С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы С. 2015 жылғы қаңтар айынан бастап 2016 жылғы 11 наурызға дейінгі уақыт аралығында қасақана  Ақтөбе қалалық сотының алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Соның салдарынан қазіргі нақты берешегі 852 036 теңгені құраған.

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

05/05/2016
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында медиация кабинетінің ашылу салтанатына Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Калмухамбетов, соттар әкімшісі А.Мамбетов, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Б.Акзамов, «Батыс Қазақстан Медиация және келіссөздер процесі орталығы» жеке мекемесінің директоры А.Куртаева, облыстың кәсіби медиаторлары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

05/05/2016

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтің қабылдауына Шалқар қаласының тұрғындары Ұ.Жазықбаева мен Г.Жазықбаева  заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы, сонымен қатар  "Сот кабинеті" сервисі арқылы талап арыз беру тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу мақсатында сұрақтарымен жүгінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша келушілерге заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.  

Ардагерлерге құрмет пен сыйластық

05/05/2016

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда  Хромтау аудандық сотының судьясы С.Аликулов және кеңсе меңгерушісі А.Таргенова Ұлы Отан Соғысының ардагері Василий Иванович Грецкийдің үйіне барып кездесті.

Василий Иванович Грецкий 1924 жылы туылған. 1942 жылдан бастап Ұлы Отан Соғысына қатысқан, дәл сол уақытта Қызыл Әскердің қатарына шығырылған.

Беттер