Жаңалықтар

Экономиялық сотында судьяларды құттықтады

06/05/2016

Отан қорғаушылар күніне орай «Трансэнерго» АҚ өкілдері Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Е.Қанапиевті және сот судьясы А.Жүсіповты мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады.

«Трансэнерго» АҚ өкілдері оларға істерді барлық заң нормаларын қолданып әділ қарайтындарына алғыстарын білдіріп, зор денсаулық, барлық істеріне сәттілік және де соттың гулдене беруін  тілеп, экономикалық сотының ашықтығын және сот төрелігіне қол жетімділікті атап өтті.

Ардагерлер әрқашан көңілімізде

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы Айсултан Балмуханов және сот  судьялары Алия Бекталиева және Роза Кузенбаева екі тыл қатысушылары Сагиндыкова Айша Нугманқызы, Қуанышбеков Нуралы Бисенгалиевич, және сот жүйесінің ардагері Шаненов Амирхан Махсумовичтің шаңырағында  қонақта болып қайтты.

Облыстық соттың қызметкерлері ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында соттар әкімшісі А.Мамбетовпен кеңсе меңгерушісі Қ.Абжетов ардагерді құттықтады.

Фемида өкілдері облыстық сотта үздіксіз 26 жыл бойы маман қызметін атқарған сот жүйесінің ардагері, Ұлы Отан соғысының  тыл еңбеккері Минаура Исмагиловна Шайдуллинаға барды. Бұлар есімі бас әріппен жазылған, өз ісінің шебері, біздің тыныштығымыз бен бейбіт өміріміз үшін еңбек еткен  адамдар.

«Мәңгілік Отына» гүл шоқтарын қою

06/05/2016

Мәртөк жерінен майданға 3,5 мың астам адам кеткен. Мың адамнан астам орден мен төсбелгісімен марапатталған, 5 адам жоғарғы марапатпен Кеңес Одағының каһарманы деп атанған. Өкінішке орай, майданнан қайтапағандары да бар. Мәртөктұрғындары салтанатты түрде Даңқ монументінде Еске алу вахтасында  оларды еске алды.

Монументке салтанатты түрде гүл шоқтарды қойылды.Сот қызметкерлері де аталмыш іс шараға қатысып, майданда қаза болғандарды еске алып, Даңқ монументінің «Мәңгілік Отына» гүл шоқтарын қойды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының ұжымы ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысының 71 жылдық Жеңіс күні қарсаңыңда Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаевамен сот мамандары А.Булмажанова, Г.Курбанова Ұлы Отан соғыс ардагері, тоқсанның торқалы жасына жеткен Петуненков Николай Васильевичпен кездесті.

«Сын сағаттағы отаншылдық қасиет»

06/05/2016

Қобда  аудандық  орталықтандырылғының  кітапханасында аудандық соттың маманы А. Измухамбетованың қатысуымен «Сын сағаттағы отаншылдық қасиет» атты   тақырыбында тыл майдангерлерімен  кездесу өткізілді.

Экономикалық сотының ұжымы ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаныңда  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  Ұлы Отан Соғысының ардагері Жалмагамбет Өтеш Төлегенұлын және тыл еңбеккері Исмагулов Қойлыбай Жалмырзаұлын құттықтады.

Ардагерлерге әрдайым құрмет

06/05/2016

Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы Ақтөбе қаласының Қарғалы селосында тұратын ҰОС-ның ардагерлері Асхат  Ахметұлы Файзуллин мен Бахыткерей Нұгманұлы Пшибаевты құттықтады.

Асхат  Ахметұлы Файзуллин, 1923 жылы туған, Ұлы Отан Соғысына 1941 жылдан бастап қатысқан, соғысты Берлинде аяқтаған. Бірнеше орден, медальдармен наградталған.

Ақтөбе қаласының №2 сотында салтанатты шара өткізілді

06/05/2016

9 Мамыр – екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді күйреткен ұлы мереке мен  соғыста қаза болғандар күні. Бұл күнді тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана  емес,  олардың балалары, немерелері және шөберелері атап өтеді.

Бүгін Жеңістің 71-жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбе қаласының №2 сотында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған  салтанатты шара  өтті.

Аталған салтанатты жиынға сот төрағасы А. Балмуханов,  судьялар және сот мамандары қатысты.

Аудандық сот ардагерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңістің  71 жылдығына   арналған мерекесін  тойлау ғасырында 2016 Қобда аудандық сотының ұжымы 89-жастағы  Галауф Гайфеевич Сайфудиновты  Ұлы Отан Соғысының ардагерін кележатқан мерекесімен құттықтап және 

Беттер