Жаңалықтар

Аудандық сотында брифинг өткізілді

29/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Сабыровпен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлімімен сотталушы Ж.  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Қылмыстық іс бойынша брифинг

29/04/2016

Қобда аудандық сотында «Қобда» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Егізбаеваның қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Анарбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б.  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді. 

Еңбек ақыны төлемегені үшін жауапкершілік

29/04/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК – нің 87-бабының 1-бөлігі бойынша (еңбек ақы төлеу жөніндегі тараптарды бұзу) жеке кәсіпкер «Б» қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру

29/04/2016

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру) сотталушы М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аудандық сотында азаматтарға жеке қабылдау өткізілді

29/04/2016

Соттың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Байғанин аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы Ж.Қуанышевқа аудан орталығының тұрғыны К.Ж. ЖШС-нің электрик маманының әрекетінің заңдылығына дауласу туралы мәселесі бойынша жүгінген.

Сот төрағасы келушіге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарын К.Ж-ға түсіндірді.

Аудандық сотында ұялы байланыс құралдарын пайдалану сұрақтары талқыланды

29/04/2016

Қобда  аудандық сотында  Ақтөбе  облысы  МКҚБ ММ 1-ші  ПБ №7 полиция  взводының   командирі полиция  капитаны Е.Стацук  және кеңсе меңгерушісі  А.Маденовамен    арасында    кездесу өткізілді.

Қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқан

29/04/2016

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен азаматша Ш. қылмыстық іс қаралды (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру).

Іс материалдырына сәйкес  азаматша Ш.  2016 жылы 5 сәуір  Шалқар қаласы, МПС  көшесі, мекен-жайында орналасқан өз үйінде енесінің зейнетақысы түсетін банкоматтық картасын пайдакүнемдік ниетте  жасырын жымқырып, банкоматтан 44 770 теңге зейнетақыны алып өз пайдасына жаратқан, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс жасаған.

Беттер