Шетелдіктер Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  алты  Қытай Республикасының азаматтарына  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер қаралды.

Істердің материалдарына сәйкес, шетелдік Қытай Республикасы алты азаматы  Қазақстан Республикасының  аумағына 2017 жылдың 4  сәуірінде  бақылау бекеті арқылы өтіп төлқұжатқа көші-қон карточкасында көрсетілгендей 23.09.2017 жылға дейін Астана қаласы Тәуелсіздік көшесіндегі үйге тіркелген. Алайда, олар мекен-жайын өзгертіп Шалқар ауданы Бозой селосында жұмыс жасаған. Бұл жөнінде Қытай Республикасының азаматтары  көші-қон полицияға хабарламаған.

Соған сәйкес  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қозғалып, сотта қаралды.                 

Сот қаулысымен  Қытай Республикасының азаматтары  кінәлі деп танылып, оларды  Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберу жазасы тағайындалды.

Соттың қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі