Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ойыл аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуіесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу жөніндегі) әкімшілік ісі қаралды.