Неке қатынастары сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі бекітілді. Осындай даулардың бірі-некені бұзу туралы талаптар.

2017 жылы 07 қыркүйегінде Мәртөк аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер мен жауапкер 2011 жылы некеге тұрған, кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар.

Жауапкермен дәм-тұзы жараспауына байланысты отбасы өмірі өрнектелмей, осы себептен талапкер некені бұзу туралы талап арызбен жүгінді.

Азаматтық іс қарау кезінде сот тараптары дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш білдірді.

Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, осыған байланысты тараптар некені жалғастыруды шешкен,  талапкерге төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды,  іс өндірістен қысқартылды. 

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі