Қарғалы аудандық сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді
Қарғалы аудандық сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға Қарғалы аудандық сотының төрайымы Н.О.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова мен кеңсе мамандары қатысты. Сот төрайымы Н.О.Аманкулова, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің перспективті бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды, оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты.