Атқару өндірісі бойынша «дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында  «Атқару өндірісінің өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған мәселені талқылауда сот төрағасы, судьялар, аудандық мемлекеттік мекемелер өкілдері және Алға аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы К.Б.Казтурганова, жеке сот орындаушы Т.Есенжаров қатысты.

«Дөңгелек үстелге»  қатысушылар атқару өндірісі туралы заңның құқықтық қолданыстағы тәжірибесін, әкімшілік жазаға тарту туралы қаулылар мен басқа да қарызды өндіру туралы сот актілерінің орындалуын талқылады.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар атқару өндірісінде қиындық туғызатын мәселелер мен жетістіктер бойынша өзара пікір алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі