Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен адам өлтіру айыбымен К. және кәмелетке толмаған С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі 7-тармағы).

Қысқаша фабула

Сотпен анықталғандай, ағымдағы жылдың сәуір айында К. жәбірленуші С.-ға (сотталушы С.-ның анасы) деген дұшпандық қарым-қатынасы негізінде, соңғысын өлтіру мақсатында жәбірленушінің кеуде тұсынан пышақпен қасақана ұрған. Әрі қарай, ол жәбірленушінің мойнын екі қолымен ұстап, оны тұншықтыра бастаған. Кейін К. кәмелетке толмаған С. - дан анасын өлтіруге көмектесуін өтінген, өйткені, жәбірленуші оған қарсылық көрсеткен. Осы уақытта С. өзінің іс-әрекеттерін К.-мен үйлестіре отырып, анасының кеуде аймағына бірнеше рет пышақ салған.

Кеуде қуысының көптеген жарақаттарының салдарынан жәбірленуші қылмыс орнында қайтыс болған.

К. және С. өлімнен кейін жәбірленушінің денесін бірге балконға шығарып, кілеммен, көрпемен жауып тастаған. Олардың заттары қанға боялған, кісі өлтіру кезінде қолданылған пышақ қоқыс жәшігіне лақтырылған. Екеуі едендегі қанды сүртіп, қабырғаларды бояумен бояған. Мәйіттің иісін болдырмау үшін денені сірке суымен және содамен жуған.

Дәлелдемелер

Сотталушылардың кінәсі куәлардың, сарапшының айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, алу хаттамаларымен және алынған заттай дәлелдемелермен расталады.

Сотталушылардың ұстанымдары:

Сотталушы К. кінәсін ішінара мойындап, оған ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сотталушы С. кінәсін толық мойындады.

Прокурордың ұстанымы:

Сотта прокурор К.-ды 18 жылға бас бостандығынан айыруды, кәмелетке толмаған С.-ны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Тағайындалған жаза

ҚК-нің 99 б. 2 б. 7 т. көзделген санкция бойынша мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.

ҚК – нің 81-бабының 7-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспайтын мерзімге, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені немесе терроризм актісі үшін не біреуі ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру немесе терроризм актісі болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған С.-ға қатысты бас бостандығынан айыруды 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындай алмайтындықтан, сот заң талаптарын ескере отырып, оған 9 жыл бас бостандығынан айыру тағайындау туралы қорытындыға келді.

Сот сотталушы К.-ға  жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін ішінара мойындауы мен жастығын назарға алды.

Сотталушы С.-ға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның шын жүректен өкінетінін, кінәсін мойындайтынын және кәмелетке толмағанын ескерді.

Сот сотталушы  К.-ды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге, ал, сотталушы С.-ны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.