Хромтау аудандық соты

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

14/05/2018

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабы 1-бөлігімен (Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат И. 14.04.2018 жылы алкогольдік масаң күйде өзінің жиенін себепсіз балағаттап, тиісіп, ұрып-соғып, соңғының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Хромтау аудандық соты ұрлық жасаған тұлғаға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібінде қысқартты

11/05/2018

Хромтау аудандық соты ұрлық жасаған тұлғаға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібінде қысқартты.

Іс материалдары бойынша, сотталушы К. 2018 жылғы 08 сәуірінде өзінің танысының шығып кеткендігін пайдаланып, ұялы телефонын ұрлап, жалпы құны 51 990 тенгені құрайтын шығын келтірген.

Хромтау аудандық сотының төрағасы ҰОС ардагерін құттықтады

03/05/2018

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Балмұханов және сот мамандары 1924 жылы туылған Ұлы Отан Соғысының ардагері Василий Иванович Грецкийдің үйіне барып, онымен кездесіп шыққан.

Кездесу барысында қонақтар Василий Иванович Грецкий 1942 жылдан бастап Ұлы Отан Соғысына қатысып, дәл сол уақытта Қызыл Әскердің қатарына шақырылғанын білді.

1944 жылдың күзінде өзінің батылдығы үшін В.Грецкий «Красная Звезда» мемлекеттік орденымен марапаттауға ұсынылған.

«Электрондық сенімхат» атты жылжымалы семинар өтті

23/04/2018

Хромтау аудандық сотымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының Хромтау аудандық бөлімінде «Электрондық сенімхат» атты жылжымалы семинар өтті. Семинарға соттың кеңсе бас маманы А.Е.Ахмедияр  және ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.

Медиативтік келісім бекітілді

19/04/2018

Хромтау аудандық сотында  талап қоюшы Е.–ның жауапкер А-ға  некені  бұзу  туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Е. сотқа берген талап арызында 2010 жылы жауапкер А.-мен заңды некеге тұрғанын, некеден жастары кәмелетке толмаған екі балаларының бар екендігін, 2018 жылдың басынан жауапкермен мінездері жараспағандықтан және отбасын сақтап қалудың одан әрі қарайғы мүмкіндігінің болмауына байланысты араларындағы некені бұзып, кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерлерін өзміен бірге анықтауды сұраған.

Отбасы-тұрмыстық жанжал медиация тәртібінде реттелді

19/04/2018

Хромтау аудандық сотында  құқықбұзушы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасыныі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Сот отырысында жәбірленуші Б. сот отырысында құқықбұзушы Б. заңды некеде тұратынын айтып, 12 сәуір 2018 жылы үйіне масаң күйде келіп, ұрыс шығарып себептен себепсіз ар-намысына тиетін ауыр балаағт сөздер айтқанын көрсетті. Сонымен қатар, жәбірленуші Б. сотқа құқықбұзушымен татуласқанын көрсетіп, медиациялық келісімді ұсынды.

Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Балмұханов тау-кен техникалық колледжінде кездесуде болды

12/04/2018

Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Балмұханов тау-кен техникалық колледжінде кездесуде болды.

Кездесу барысында аудандық сот төрағасы кен-тау техникалық колледж студенттеріне «Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс сабақ оқыды.

Хромтау аудандық сотымен Хромтау қаласының №5 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Сот жүйесінде жүргізілген реформалар» атты тақырыбында кездесу өткізілді

26/01/2018

Хромтау аудандық сотымен Хромтау қаласының №5 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Сот жүйесінде жүргізілген реформалар» атты тақырыбында кездесу өткізілді.

Аталған іс шараға сот төрағасыА.Балмұханов, судья Е.Жеткерген және мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты.

Страницы