Байғанин аудандық соты

Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетіліп – ескерткіш орнатылды

10/05/2018

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерінің қарсаңында Байғанин ауданында Ұлы Отан Соғысының ардагері, «Ленинград қаласының құрметті азаматы», Байғанин аудандық халық сотында ұзақ жылдар халық заседателі болған Е.С.Сәрсенбаевтың ескерткіш-бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұйымдастырған бұл шараға аудандық сот және әкімдік ұжымының қызметкерлері белсене қатысты.

Бұзақыға әкімшілік айыппұл салынды

19/04/2018

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Қ. көлік тұрағының жанында, яғни қоғамдық орында темекі тұқылын лақтырып, ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот – маскүнемді қамауға алды

08/02/2018

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (Бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, А. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Бұзақыға әкімшілік айыппұл салынды

08/02/2018

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, А. Мәдениет үйінің ішінде Б.-ға қорлап тиісіп, балағат сөздер айтып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, яғни төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған жүргізуші бiр жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айырылды

05/02/2018

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы К.-ге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 611-бабының 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік масаң күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25/01/2018

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруі) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот – маскүнемді қамауға алды

22/01/2018

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (Бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) Ж.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Б. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Суд – арестовал пьяницу

22/01/2018

В Байганинском районном суде рассмотрено административное дело в отношении Ж.Б. по части 4 статьи 440 Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях (Распитие алкогольных напитков или появление в общественных местах в состоянии опьянения три раза в течение года).

Сот бұзақыны әкімшілік қамауға алды

17/01/2018

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, Б. көшенің бойында, яғни қоғамдық орында, адамдардың көзінше коммуналдық қалдықтар салынған пакетті белгіленбеген орынға тастап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

08/12/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Е.Қ.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Е.Қ. «Уаз 396259» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Страницы