Айтеке би аудандық соты

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім жасалған

20/09/2017

Әйтеке би аудандық  сотында талапкер С.-ның жауапкер Т.-дан қарыз өндіру  туралы талап арызы бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарына сай талапкер С. жауапкер Т.-дан 17 000 теңге қарыз өндіру туралы сотқа арыз жолдап, арызында жауапкер Т. талапкерден 42 000 теңгеге ұялы телефон алып, оның 25 000 теңгесін беріп,  қалдық 17 000 теңге қарызын 2017 жылдың 19 тамызында қайтаратын болып міндеттеніп, осы күнге дейін бермеген.