маусым

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

08/06/2017
Тұрғындардың сот қызметі жөнінде хабардар болуын, сот төрелігін жүзеге асырудың мәселелері бойынша азаматтармен диалогты жөнге келтіру, сот төрелігінің ашықтығын, айшықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Әкетай Мұратғали Абрарұлы  2017 жылдың 9 маусымында сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін интернет-конференция өткізеді.