әкімшілік сот

Іс өндірістен қысқартылды және жеке қаулы шығарылды

02/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлімімен азамат У-ға қатысты әкімшілік іс әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өтуіне байланысты қысқартылды.

Аң аулау тәртібін бұзған

02/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкер К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тиісті құжаттарсыз алкоголь өнімдерін сатқан

01/02/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабының 1-бөлімімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) жеке кәсіпкер (ЖК) С.-ға қатысты іс қаралды.

Көшпелі семинар өтті

01/02/2017

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н.А.Бақтығалиевпен Ақтөбе қалалық ІІБ Заречный ПБ-де «Жекеше қаулылары шығару және оларды орындау» тақырыбында көшпелі семинар сабақ өтті.

Сабақ барысында судья жекеше қаулы шығарудың мақсаты мен оларды орындау тәртібі туралы баяндады.

Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын басқарған

31/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат Н. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 9-бөлімімен (мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару)  кінәлі деп танылып, 11345 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әскери қызметкер бұйрық тәртібін бұзды

30/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әскери қызметшіге қатысты іс қаралды.

2017 жылдың 24 қаңтарында әскери полиция бөлімінің уәкілетті тұлғасымен әскери қызметкер С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлімінде (бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалған.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы «РИКА-ТВ» телеканалының тікелей эфирінде болды

26/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Нұрлан Амантұрлыұлы Бақтығалиев «РИКА-ТВ» телеканалында «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында «Ақпараттық дүңгіршек қызметі» туралы сөз қозғады.

Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған

26/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат И. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 4-бөлімі бойынша (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару)  кінәлі деп танылып 45380 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды,.

Беттер