ауылдық округ

Мәртөк аудандық округінің әкімі аппаратынының қызметкерлері үшін семинар-тренинг өткізілді

03/06/2015

Кеше Мәртөк аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Динара Бекмухамбетова Мәртөк ауыл аумағының әкім аппаратында қызметкерлері үшін «Сот кабинеті»   ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу туралы және «Сот құжаттарымен танысу» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, семинар-тренинг өткізді.

Ол көрнекі түрде электрондық құжаттарды көрсетіп, жолдау тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алу, қылмыстық істер бойынша ақпараттық талонды толтыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Ауылдық округтегі Ашық есік күні

11/03/2015

2015 жылы 10 наурыз күні Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев Қобда ауданы Бестау ауылдық округіне барып «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.  

Іс шараға Бестау селолық округінің әкімі Г.Г. Жаманова, учаскелік инспекторы және ауыл тұрғындары қатысып, заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы  және шарттық міндеттемелерге қатысты сұрақтарын  қойды.

 Қойылған әр бір сұраққа сот төрағасы А.Т.Анарбаев тиісті заңдылыққа сай толыққанды жауаптар берді.