Ақтөбе қ. Мұғалжар аудандық соты

Медиация тәртібімен аяқталған азаматтық істер қорытындыланды

05/10/2016

Медиация тәртібі қолданылып қысқартылған азаматтық және қылмыстық істер бойынша

Мұғалжар аудандық сотында медиация тәртібі қолданылып қысқартылған азаматтық және қылмыстық істер бойынша брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина медиация тәртібімен аяқталған істер туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқараға  сұқбат берді.

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/06/2016

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүесі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында  дөңгелек үстел болып өтті. Шараға Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция өкілдері, Қандыағаш стансасының желелік полиция бөлімінің қызметкерлері, Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Көші-қон заңнамасын бұзған

20/02/2015

Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен Ч-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайына сәйкес, 2015 жылдың 18 ақпанында  №378 «Маңғышлақ-Алматы» жолаушылар пойызының 3 вагонында шетел азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған, яғни көші-қон карточкасында көрсетілген 2015 жылдың 12 ақпанына дейін мерзімі өткеннен кейін кетуден жалтарған. Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, оған 5 тәулік әкімшілік қамауға алу әкімшілік жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.