100 қадам

100 қадам – сот реформасы

03/03/2016

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының «100 қадам – сот реформасы» бағыттарын түсіндіру жөнінде семинар өткізілді.

Әйтеке би аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

21/09/2015

Әйтеке би аудандық сотында "Ұлт жоспарын 100 нақты қадам – заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбын талқылап дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, прокурордың аға көмекшісі А.Тамабаев, Әйтеке би АІІБ өкілдері және адвокат К.Матаева қатысты.

Сот төрағасы А.Әбдіров өз сөзінде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары алға қойылған мақсатқа жету үшін, Қазақстан елінің ықпалын көтеретін, биік белестерге жеткізетін жолдың бірі деп атап көрсетті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру

04/08/2015

Бүгін  Алға ауданы Әкімдігінің ғимаратында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының комитетінің мүшесі Б.Ә.Бекназаровтың Алға ауданының активімен кездесуі өтті.

«100 нақты қадамды» талқылау бойынша брифинг өткізілді

16/06/2015

Қарғалы аудандық сотында институционалдық Ұлт жоспарын талқылау мақсатында Елбасының «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте  жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі – жергілікті «Қарғалы» газетінің тілшісі, сот төрағасы Н.О.Аманкулова қатысты.

«Бес институциональдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» тақырыбында семинар өткізілді

12/06/2015

2015 жылы 9 маусым күні Ырғыз аудандық сотында сот қызметкерлерінің арасында «Бес институциональдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» тақырыбында семинар өткізілді.

«Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы – ел үшін маңызды құжат»

10/06/2015

Маңызды 5 институционалдық реформаны кезеңімен жүзеге асыру үшін мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы – еліміздің болашағына, ұлттық экономикамыздың өрлеуіне, халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Реформалар толық жүзеге асуы үшін елдегі әрбір азамат оған қатысып, ат салысуы керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет басшысы лауазымына сайланғаннан кейінгі ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Ұлт жоспарының нақты 100 қадамын ашып айтты.

«100 қадам» - Ұлт жоспарының жүзеге асырылуын талқылау бойынша брифинг өткізілді

08/06/2015

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің тілшісі А.Қонақбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық сот төрағасы А.Сабыров Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша сот жүйесі мен мемлекеттік қызметкерлерге қатысты түсініктеме берді. 

«100 нақты қадам» - талқылау мәселесі

04/06/2015

Бүгін Қобда аудандық сотында Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылауға арналған баспасөз – мәслихаты өтті.

Сот төрағасы А.Т.Анарбаев жергілікті «Қобда» газетінің журналистімен кездесу барысында мемлекетіміздің сот жүйесін одан әрі жаңғырту мен жетілдіру жөніндегі мәселелер қозғалған, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ететін бес нақты реформаның екінші институционалдық реформасының жүзеге асырылуы жөнінде айтты.  

«100 нақты қадамды» талқылау бойынша брифинг өткізілді

04/06/2015

2015 жылдың 04 маусымында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары  талқыланып, брифинг өткізілді.

Брифингте  жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі – жергілікті «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдирова, сот төрағасы А.Мұқанов қатысты.

«100 нақты қадам» Жоспары талқыланды

28/05/2015

Бүгін Ойыл аудандық сотында «Президенттің бес реформасы» семинарлық сабақта талқыланды. Сот төрағасы Н.Бақтығалиев қоғамдық қатынастар жүйесін түпкілікті өзгертуге жол беретін және Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға мүмкіндік туғызатын 100 қадамның әр реформасы туралы нақты баяндады. Сонымен қатар, жаңа реформалар тұрақтылықты, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қазіргі заманға сай мемлекетті құру, соның ішінде сот жүйесін нығайтуды қамтамасыз ететіні атап өтілді.