Ювеналды соттың судьясы құқық қорғау органдары өкілдерімен онлайн дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері   жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркебұлан Әмребеков  «Қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындарды өндіру» тақырыбында  онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. 

Іс-шараға қалалық, аудандық прокуратуралар мен қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысын ашып, судья Е.М.Әмребеков өз кіріспе сөзінде  процестік шығындар – қылмыстық іс бойынша іс жүргізумен байланысты шығыстар екенін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық  процестік кодексінің 177-бабымен белгіленгенін атады.

Дөңгелек үстел барысында қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіру азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешуге жатпайтыны жайлы ескертіліп, процестік шығыстарды өндіру кезінде туындайтын сұрақтар талқыланды. Талқылау барысында судья арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге байланысты шығыстар, жәбірленушілерді емдеуге жұмсалатын шығыстар процестік шығындар болып табылмайтындығы жайлы аталып өтті

Қатысушылар өзара пікір алмасып, жәбірленушілерді емдеуге жұмсалатын шығыстар жайлы пікірлер тыңдалды.

Сонымен қатар, Е.Әмребеков іс бойынша өткізілген сот-сараптамаларының шығындары толық көрсетілмей сотқа жолданатыны, сот үкімдерін процестік шығындарды өтеу бөлігінде орындау, Қазақстан  Республикасы Жоғарғы  Сотының  «Қылмыстық істер бойынша процестік  шығындарды өндіріп алу туралы» Нормативтік қаулысының нормаларын қатаң сақтау мәселелеріне назар аударды.

Источник: 
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі