Ювеналды соттың судьясы бала құқықтары туралы дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айтпатша Мусина Ақтөбе қаласындағы №28-ші орта мектебінің мұғалімдері мен 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья «Бала құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларға Конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» туралы Заңда көзделген балалардың құқықтары мен міндеттері жайлы егжей-тегжейлі баяндады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қазақстандық мамандандырылған соттардың жұмыс тәжірибесіндегі мәселелер назарға жеткізілді.

Дәріс соңында оқушылардың  сұрақтарына жауап берілді.

          

Источник: 
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі