ТЖД қызметкері салғырттық танытқаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотымен ҚК 271-бабы 1-бөлігі бойынша салғырттық үшін сотталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Қысқаша фабула

Іс бойынша сот Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісі Б.-ның қызмет атқару кезеңінде «112» қызметіне шұғыл көмек көрсетуді сұрап қоңырау шалған кәмелетке толмаған И.-дің хабарламасына тиісінше және уақтылы ден қоймауында негізделген өзінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағанын анықтады.

Қылмыстық іс материалдарымен анықталғандай, сол түні жәбірленуші И. тұратын тұрғын үйге Е. кіріп, оның анасы мен ағасын өлтіріп, ал өзіне пышақпен жарақаттар келтірді.

50 минуттан соң И-дің көмек сұраған үшінші қоңырауынан кейін жәбірленушінің хабарламасы жедел жәрдемге жіберілді.    

Сотталушының ұстанымы

Сот процесінде Б. өзінің кінәсін толық мойындамады және алғашқы қоңырауды балалардың ойыны деп санағанын айтты. Алғашқы қоңырау үзілгендіктен, ол И-ға қайта қоңырау шала бастады, бірақ оның телефоны жауап бермеді. Үшінші қоңыраудан кейін ол И.-дан болған жағдайды анықтап, оның хабарламасын жедел медициналық көмекке жіберді.

Прокурордың ұстанымы

Прокурор Б-ға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Тағайындалған жаза

ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігінің санкциясы 1000АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазалауды көздейді.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының асырауында жас балалардың болуын назарға алды.

Б.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Салғырттықтың қоғамдық қауіптілігі жәбірленушінің денсаулығына, адамның конституциялық құқықтарына және қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан қызметке жосықсыз және немқұрайлы қарау салдарынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның өз міндеттерін орындамауы және тиісінше орындамауы болып табылады.

Соттың үкімімен Б-ға 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 1 миллион тенге моарльдық зиян өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі