Сот әкімшілінің Ақтөбе облысы бойынша Департаметінің бөлім басшысы студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін персоналды басқару бөлімінің басшысы Айымгүл Естурлина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті студентерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты өңірдің сот жүйесінің кадрлық құрамын жаңа  сот қызметкерлімен толықтыру. Спикер «Құқықтану» мамандығында білім алып жатқан студенттерге сот жүйесінің даму тарихымен, ақпараттық технологияларымен, бос орындарымен және бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Сонымен қатар, А.Естурлина студенттерді Жоғары Сот жанындағы Сот төрелігі академиясына магистратураға түсу мүмкіндігі туралы хабардар етіп, оқуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарына, академияда білім алудың артықшылықтарына тоқталды.

Кездесу соңында судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері туралы ақпарат айтылып, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі