Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті өкілдері студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, бүгін құжат айналымы бөлімінің басшысы Нұрбек Қарақұлов және кадр бөлімінің басшысы Айымгүл Естурлина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің экономика және құқық факультеті 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Сот қызметкерлері сот мамандары мен судьялыққа кандидаттарды іріктеу жүйесі, кандидаттарға қандай талаптар қойылатынын, Сот төрелігі Академиясы,  Сот жюриі және Жоғары Сот кеңесінің жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында студенттерге соттардың қызметі туралы толыққанды ақпарат айтылып, қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Сөзін қорыта келе, спикерлер студенттерге оқуда жетістіктер тілеп, оларды сот жүйесінің қызметкерлері қатарынан көруге үмітті екенін білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі