«Сот ғимаратында терроризм актісі болған жағдайда сот жасауылдарының іс-әрекеттері» тақырыбында семинар өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар жұмысына Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы мен сот приставтары, сот қызметкерлері және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі қатысты.

Іс-шараны Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының капитаны Мұратбек Сақып ашып, ҚР Президентінің 24.09.2013 жылғы №648 Жарлығымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын, осы аталған бағдарлама аясында мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ, семинарда қызметкерлердің жарғыш құрылғысын байқап қалған және жарылыс қатері мен жарылыс жасалуы жөніндегі хабар алған кездегі әрекеттері, кездесіп қалған жарғыш құрылғыларды өз бетімен залалсыздандыруға жол бермеу, күдікті нәрсенің жанында ұялы телефон құралдарын пайдаланбау жөнінде айтылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі