«Сот актілерін орындау барысында туындайтын көкейкесті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында «Сот актілерін орындау барысында туындайтын көкейкесті мәселелер» тақырыбында  дөнгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға оқу бағдарламаларды үйлестірушінің көмекшісі судья А.Сұлтанғалиева, Ақтөбе қалалық сотының судьялары және Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылар өңірлік алқасының жеке сот орындаушылары қатысты.

Оқу бағдарламаларды үйлестірушінің көмекшісі судья А.Сұлтанғалиева сәлемдесу сөзімен бастап,  қатысушыларға шараның ұйымдастырылуының мақсаты мен міндеттерін атап өтті.

Баяндамамен судья Е.Құрманов сот актілерін орындау барысында туындайтын көкейкесті мәселелерді атап өтіп, сот орындаушылардың әрекетсіздікке қатысты шағымдар, атқару құжаттарды орындау барысында мәжбүрлеу шараларын қолданбауы,   борышкердің мүлкінен ақы өндіріп алу, мүлікке тыйым салу, мүлікті бағалау бойынша маманды тағайындау және тыйым салынған мүлікті іске асыру бойынша сот орындаушылардың іс-әрекеттері туралы сөз сөйледі.

Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, жұмыс барысында қолдану үшін жалпы ұсыныстар қабылданды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі