Шалқар аудандық сотында өрт қауіпсіздігі туралы семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Шалқар аудандық сотында семинар өткізілді. Семинарға Шалқар аудандық соты әкімшісінің басшысы Н.Ерниязова, Шалқар аудандық соты әкімшісінің мамандары және Шалқар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға  анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Сегизбаев қатысты.

 Семинарда өрт қауіпсіздігі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

 Шалқар аудандық сотының аға сот приставы И.Шалқарбаева  «Өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыпта баяндама жасап, жергілікті соттар ғимараттарында өрт қауіпін болдырмау үшін алдын-алу шараларына тоқталды.

          Одан кейін сөз алған Шалқар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға  анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Сегизбаевта өрт қауіпсіздігі туралы тақырыбы бойынша баяндама жасап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және  жоюға, өрт қауіпсіздігінің қағидаларын қатаң сақтау қажет екеніндігіне тоқталды.

          Төтенше жағдайлар туындағанда  қызметкерлердің қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі туралы оқу өткізудің  маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі