Облыстық соттың судьялары мемлекеттік органдармен кездесуді жалғастыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық соты судьялыққа үміткерлер үшін мемлекеттік органдармен және заңды қоғамдастық өкілдерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғастыруда.

Судьялар корпусына жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында,  облыстық соттың судьялары Гульнара Тілепова және Малибай Қосымбетов, Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Спикерлер қызметкерлерді Жоғары Сот жанындағы Сот төрелігі Академиясына магистратураға түсу мүмкіндігі туралы хабардар етіп, оқуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарына, академияда білім алудың артықшылықтарына тоқталды.

Кездесу соңында, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері туралы ақпарат айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі