Мемлекеттік қызметшілер арасында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Динара Ерлікова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда ойын бизнесін сапасыз бақылау ғаламтор технологияларының дамуымен бірге барлық жастағы адамдарда лудомания дертінің асқынуына әкеп соғуда. Адам өзі казиноға, букмекерлік ставкаларға, контораларға, лотереяларға деген тартылысты жеңе алмайды. Ойынқұмарлықты уақытында емдемеген жағдайда нәтижелері өте ауыр болуы мүмкін», - деді Д.Ерлікова.
Спикер еңбек тәртібін сақтау, әдеп нормаларын сақтау, соттарда кері байланысты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан біз әдепке сай мінез-құлықтың үлгісі болуға және Әдеп кодексінің қағидалары мен талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз – деп қорытындылады баяндамашы.
Сонымен қатар, жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша Департамент бөлім басшылары баяндама жасады.
Іс-шара ары қарай мемлекеттік қызметшілер арасында ант қабылдау рәсімімен жалғастырылды. Жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдай отыра, өздерінің міндеттерін адал атқаруға міндеттелді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі